Біз қоғамды ортақ игі іс үшін біріктіру мақсатында Еркіндік періштелері жобасының 4 ережесін жасадық.
Маңызды ақпарат, мұқият оқыңыз.
Жобаның бірінші ережесі
Командамызға алауыздық тудыратын және арандататын адамдарды қабылдамаймыз. Біз бірге жұмыс істеп, мақсатымызға жету үшін достық пен қолдау болғанын қалаймыз. Сондай орта құруға тырысамыз.
Екінші ереже
Жобада кикілжің, қақтығысқа тыйым салынады. Біз қарым-қатынасымыз позитив, бір-бірімізге шабыт беретін, теріс эмоция тудырмайтындай болғанын қалаймыз.
Үшінші ереже
Біздің жоба әскери мақсаттағы әрекетті қаржыландырмайды. Тек гуманитарлық міндеттерге, атап айтқанда, балаларға арналған мекемелерге көмек көрсетеді. Біз әр бала жақсы болашаққа лайық деп есептейміз және оларға қолдан келгенше көмектесеміз.
Сонымен, төртінші ереже
Біз партиялармен және саяси қайраткерлермен жұмыс істемейміз, жобадағы шараларда саяси мәселелерді талқылауға тыйым салынады. Біз жұмысымыздың саясатпен байланысты болғанын қаламаймыз және бейтарап қалуға ұмтыламыз.
Осы ережелерді сақтай отырып, біз бірлесіп жұмыс істей аламыз және мақсатымызға қол жеткізе аламыз. Яғни, Украинадағы балалар мекемелеріне көмектесіп, балаларға жақсы жағдай жасай аламыз.