Ең өзекті еріктілер бос орындары

Қыркүйек 2023
Достар, біз «Еркіндік Періштелері» қорын дамытуға көмектесетін ерікті мамандарды іздейміз.

Жобадағы жұмыс уақыты — аптасына 6–8 сағат, қосымша ақпарат алу үшін рекрутер Салтанатпен байланысыңыз (+7 776 726 6728):

Біз сіздің жұмысыңызға жалақы төлей алмаймыз, бірақ біздің тату командамыздағы еріктілік сізге жаңа таныстар тауып, дарыныңыздың жаңа қырларын ашуға көмектеседі, балаларға көмек сияқты үлкен әрі аса маңызды миссияға қатысуға мүмкіндік береді.

Арамызда 3 айдан астам уақыт белсенді жұмыс атқарып жүрген барлық еріктілерге біз «Еркіндік Періштелері» қорынан жұмысқа тұруда қолдануға болатын алғыс хат береміз.

Біздің тату командамызға қосылыңыздар, бірге балаларға шырайлы әрі қауіпсіз әлем сыйлайық.