Біз сайтты жаңарттық және оның мазмұнын толықтырып жатырмыз, сондықтан кейбір беттер әзірше жоқ. Біздің әлеуметтік желілердегі беттерімізді қарап немесе бізбен байланысыңыз.

Соғыс болып жатса да, оқушылар сабағын жалғастырса деген ниет

«Еркіндік Періштелері» жобасы Қазақстанда 2022 жылдың маусымында басталды. Сол кезде біздің волонтерлер украиналықтардың Чернигов мектептеріне көмек көрсету туралы үндеуіне жауап берді. Чернигов қаласының білім бөлімімен келіссөздер жүргізіп, жергілікті мектептерге жеке сапардан кейін жобаның Қазақстандағы негізгі жетекшілері Ирина Семенчук пен Евгений Рибалко қазақстандықтарды Чернигов мектептерінің біріне көмектесуге шақырды. Алғашында жоба бір реттік іс-шара ретінде ойластырылған.

Донорларымыздың жомарттығының арқасында осы мектептің баспанасын жабдықтауға мүмкіндік алдық. Содан кейін бізге басқа оқу орындары қосылып, жоба кеңейе бастады. 2023 жылдың қаңтарында біз Қазақстанда қоғамдық қорды тіркедік. Бүгінгі таңда жоба Чернигов қаласындағы үш мектеп пен жеті балабақшадағы баспаналарды жабдықтауға көмектесті.

Жоба 15 елден 110-нан астам еріктіні біріктіреді.

Бізге қосылыңыз және бірге әлемді мейірімді орынға айналдырамыз!

Iryna
Eugene
Zulfiya
Saida
Zarina
Sholpan
Tatyana
Nikolay

Қазір балалар жағдайы қалай?

Air-alarms.in.ua сайтының мәліметінше, 2025 жылдың 23 ақпандағы жағдай бойынша Чернигов пен облыста 2022 жылдың 24 ақпанынан бері 2061 әуе дабылы болған, олардың орташа ұзақтығы 1 сағат 32 минуттан асты. Яғни, балалар 3172 сағатын бас сауғалайтын жерде өткізген.
Астаналық жалпы тәжірибелік дәрігер Оксана Симченконың айтуынша: «Желдету жүйесі жоқ жер асты паналарында, жоғары ылғалдылық жағдайында, жағымсыз иіс пен көгерген жерде ұзақ қалу балалардың денсаулығықты нашарлатады.
Аллергиялық аурулардың және эндокриндік жүйенің проблемаларының қаупі артады, ал көмірқышқыл газының жоғары деңгейі тыныс алудың қиындауына, шырышты қабықтың тітіркенуіне және концентрация мен зейіннің төмендеуіне әкеп соғады.»

Балабақшадағы балалар ұйықтайтын уақытта әуе шабуылы дабылы естілсе, балаларды оятып, баспанаға апарып, сонда ұйықтауды талап етеді. Ол үшін көп орын алмайтын үш деңгейлі төсек қажет.
Мектепте сабақ кезінде әуе шабуылы дабылы естілсе, сабақ қорғану баспанасына түскеннен кейін де жалғасуы керек. Егер сынып тест жазып жатса, оны жазуды жалғастыру керек. Ол үшін кәдімгі үстелдер мен орындықтар қажет.

Біз балаларға жайлы және қауіпсіз баспаналар жасау үшін қаражат жинап жатырмыз. Ауаны қалпына келтіруге арналған жабдық, электр сымдары мен жарықтандыру, жиһаз және басқа жабдықтар қажет. Сондықтан біз үшін кез келген қайырымдылық маңызды!

Черниговтағы №21 мектептің қирауы
Черниговтағы №21 мектептің қирауы

СІЗ қалай көмектесе аласыз

Қайырымдылық жасаңыз

Kaspi қосымшасы арқылы, қазақстандық немесе шетелдік картадан, PayPal, Patreon арқылы немесе жеке

Жоғарыдағы сілтемеге дәл қазір басыңыз, себебі кез келген көмек маңызды.

Жобаға волонтер болыңыз

Анкетаны толтырсаңыз, біз сізге міндетті түрде хабарласамыз

Біздің халықаралық командаға қосылыңыз, жақсылыққа бірге ұмтылайық!

Кеңседе/мекемеде Еркіндік Періштелері бар қораптарды қойыңыз

Біз QR код арқылы донат жөнелту үшін періштелер салынған сыйқораптарды ұсына аламыз. Бір періште үшін донат сомасы — 2500 теңге.

Еркіндік Періштелерінің елшісі болыңыз

Әріптестеріңіз бен достарыңызға біз туралы айтыңыз.

Біздің серіктестер

SendPulse
YouScan
Netpeak
satu
Rika-shop
BMAI

Біз жәрмеңкелер мен фестивальдерге қатысамыз және түрлі мастер-класс, хакатон мен лекция, сондай-ақ сенбілік өткізіп, «Еркіндік Періштелерін» жасаймыз. Бұл шараларға кез келген адам қатаса алады.

Командамызға әрқашан мамандар (еріктілер) қажет.

Біздің хабарлаға жазылыңыз:

Қайырымдылық үшін жіберген шығыныңызды бақылаңыз және жаңалықтар мен оқиғалар туралы хаттар алыңыз.
Generate new mask