-
«Әрбір көмек қолы өте маңызды»
Елена Чижова Черниговта туып-өскен, сонымен қатар жергілікті университетті де бітірген. Елена 20 жылдан бері Украинада тұрмайды, алайда соғыс басталғаннан кейін ол жерлестеріне жәрдем бере бастады. Бұл Елена мен оның әпкесі Ольганың «Еркіндік Періштелері» қайырымдылық бастамасы және Қазақстанда осы аттас Қордың пайда болуының бастамасы болды. Акцияның қалай дүниеге келгені және украин мектептеріне көмек ондаған елдерді қалай біріктіргені туралы Елена өз сұхбатында айтты.
-
«Зұлымдықты жеңу үшін көп мейірім қажет»
Анна — төрт баланың анасы. Оның өмірінде Украина мен Ресей бір-бірімен тығыз байланысты — қайбір жылы екі ел де оның үйі, жоспар құрып, армандарын іске асыратын мекені болды. Бірақ өткен жылдың шілдесінде Анна отбасымен Қазақстанға көшіп келді. Өмірінің жаңа парағын «Еркіндік Періштелерімен» ашты. Біз Аннамен сұхбаттасып, жобаның ол үшін маңызы және періште жасау — кішкентай әрекеттен көмектесу деген үлкен ниеттің қалай пайда болатыны туралы әңгімелестік.
-
«Адамдар бейбіт болашаққа сенуге көмектеседі»
Астанада «Еркіндік Періштелері» жобасының Қазақстандағы ең ірі және алғашқы еріктілер тобының бірі жұмыс істейді. Осы жылдың наурыз айынан бастап жобаны мұражайдың ғылыми қызметкері Шолпан үйлестіреді. Біз Шолпанмен сөйлестік және ерікті куратор болу қиын ба және ең қараңғы уақытта үмітті үзбеуге не күш беретінін білдік.
-
«Біз бірлікте болсақ қиындықты оңай еңсереміз»
Аэлита мемлекеттік мекемеде жұмыс істейді. Оның айтуынша, ол қарапайым кеңседегі қызметкер. Бірақ оны жақынырақ таныған кезде мұндай пікірмен келісу қиын. Аэлитаның «Еркіндік Періштелері» жобасына көмектесіп жүргеніне жыл болып қалды. Ол жәрмеңке я толоканы жібермейді, бәріне қатысады. Біз Аэлитамен волонтер өмірінің қуанышты және қайғылы сәттері туралы әңгімелесіп, жобада әлі күнге дейін қалуының себебін сұрадық.
-
«Шетте тұру мүмкін емес»
Әсемгүлді Астанадағы жәрмеңкелер мен толокаларда жиі байқауға болады. Өткен жылдан бастап ол (білімі бойынша аудармашы) украиналық балаларға көмек көрсету жобасының ең белсенді қатысушыларының бірі болды. Біз Әсемгүлмен жобаның қандай адамдарды біріктіретіні, мектептерді қалпына келтіру мен бейбітшілікке үміт артудың арасындағы байланыс және «періштелер» кім үшін нағыз қамқоршы періштелерге айналатыны туралы сөйлестік.
-
«Сенің кішкентай бір көмегің үлкен бір іске айналуы мүмкін»
Динара дипмиссияда жұмыс жасайды, мамандығы бойынша — ағылшын тілі мұғалімі, әскери институтты бітірген, 12,5 жыл әскери борышын орындап запастағы майор ретінде зейнеткерлікке шықты. Бос уақытында Динара толокалар мен жәрмеңкелерде көмектеседі — «Еркіндік Періштелері» туралы және олардың маңызды да күрделі миссиясы жайлы айтады. Онымен сөйлесіп, адамдардың қолдау сұранысына қалай қарайтынын және жобаның еріктісі болу қиын ба екенін білдік.
-
«Біз балаларға қауіпсіз жағдайда білім алуға көмектесеміз»
Әсел — энергия өндіру және өткізу саласындағы шетелдік компанияның қызметкері, білім бойынша каржыгер, сонымен қатар ерікті. Олмен сөйлесу арқылы біз оның неліктен Украинаны қалпына келтіруге қатыстықысы келетінін білдік, және де «кішкентай адам» жаһандық процестерге әсер ете алатынын және АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі «Еркіндік Періштелерін» қалай қолдағанын білдік.
-
«Толокаға адамдар жаман ойлармен келмейді»
Зарина — эколог мамандығының студенті, маркетинг саласында жұмыс жасайды, бос уақытында Алматы қаласының «Еркіндік Періштелеріне» көмек көрсетеді. Біз Заринадан адамдар толокада не туралы сөйлесетінін, неге періштелерді сатып алмай, тауып алатындығын, және ата-анасы волонтёрлығына көз қарасы туралы білдік.








