«Еркіндік Періштелері» жобасының еріктісімен сұхбат

«Мен жай қол қусырып қарап отыра алмаймын, өйткені немқұрайлылық өлтіруі мүмкін»

18 желтоқсан 2023
Жәнібек
Маденов Жәнібек өткен жылдың қазан айында қордың еріктісі атанды. Оның айына екі күн ғана демалысы барына қарамастан, ол ерікті болып, шіркеуде де қызмет етуге уақыт табады. Соғыс оның жеке бақытсыздығына айналды, өйткені оның жақын достары Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі кезінде, Украинада болған. Жәнібек соғыс басталғалы бері өмірінің қалай өзгергені, сенім дағдарысы туралы, оны еріктілікке айналысуға кім шабыттандыратынын және оның неге көмектесуін әрі қарай жалғастыратындығы жайлы бізге айтып берді.
— Жәнібек, алдымен өзіңіз туралы қысқаша айтып өтсеңіз.
— Менің жасым 36-да. Мен Қостанайда дүниеге келдім. Қорға өткен жылдың қазан айында қосылдым. Бала кезімде мен украин тілін үнемі еститінмін және ол маған жақын болғаны соншалық, мен украин болмасам да, маған таныс нәрсе секілді, бір туыстықты сезіндім. Менің ауданымда тұратын украиндардың кейбірі қуғын-сүргінге ұшыраған, ал басқалары тың игеру кезінде келген, кейіннен Қазақстанда қалып қойған.
— Кім болып жұмыс істейсіз? Астанада тұрып жатқаныңызға қанша уақыт болды?
— Бұрын осында тұрдым, кейін Ресейге жұмыс бабымен кеттім. Өткен жылдың ақпан айында Астанаға оралдым. Мен колеровщикпын. Жұмыс ағашпен де, металлмен де, түрлі-түсті бояу материалдарымен де байланысты. Күн сайын жұмыс істеймін. Айына екі күн демаламын.
— Қазір сізді Украинамен не байланыстырады?
— Онда менің достарым көп. Бұл біздің қазақстандық жігіттер, олар көп жыл бұрын Украинаға көшіп кетіп, сол жерде отбасын құрып, тамыр жайғандар. Сонымен қатар, мен Донецк және Днепрдің жігіттерімен де доспын. Біз әлі де байланыстамыз, 15 жылдан астам уақыт араласып келеміз.
Жәнібек періштемен Garage Fest жәрмеңкесінде, Астана
Жәнібек Украинадағы таныстарымен Португалияда
Украинадағы танысымен Португалияда
— Украинада соғыстың басталғанын естіген кезіңіз есіңізде ме?
— Соғыстың басталғанын мен Көкшетауда болған кезімде естідім. Таңертең Донецктен құрбым маған: «Харьковты бомбалап жатыр» деп жазды.
— Сол кездегі күйіңіз есіңізде ме? Сізге қорқынышты болды ма?
— Мен Донецк облысына 2022 жылы барғалы жатқанмын, бірақ болмай қалды. Соғыс басталғанын білгенде қатты қорықтым, ұйықтай алмадым, тамақ іше алмадым. Өзіме орын таба алмадым. Астанаға келгенде еріктілік туралы білдім. Мұнда мен украиндықтар үшін осындай қатты алаңдаушылықты сезінген, жалғыз адам емес екенімді көрдім. Мен көмектесе бастадым. Алдымен, мен Украинаға гуманитарлық жүктерді жинауға қатыстым. Біздің азаматтарымыз бен Ресей азаматтарының қалай көмектескенін көрдім — олар азық-түлік пен заттар алып келіп жүрді. Бұл адамдардың ешқайсысы немқұрайлы болған жоқ.
— Қор туралы қайдан білдіңіз?
— Еріктілер чатында жарнаманы көрдім. Кездесу болды, мен сол кездесуге келіп, содан кейін осында қалып қойдым.
Мен өз қолыммен періштелер жасағанды ​​ұнатамын. Оларға жанымды саламын. Маған бұрын ұнамайтын, онша шебер емес едім, бірақ қазір оларды жасағанды ​​жақсы көремін. Бұл өте әдемі және креативті.
— Жобада немен айналысасыз?
— Мен періштелер жасаймын, жәрмеңкелерге қатысамын. Жәрмеңкелерде адамдардың сұрақтарына жауап беремін, қордың жұмысы туралы, донаттар туралы айтамын. Бұл қаражат мектептер мен балабақшаларда бомбапаналарды жабдықтауға жұмсалады. Мұның бәрін біз балалар үшін жасаймыз, өйткені балалардың ешқандай кінәсі жоқ. Балалардың көз жасы біздің сөзімізге қарағанда қаттырақ естіледі.
— Айтыңызшы, осы жәрмеңкелерде халық тарапынан қолдау немесе айыптауды кездестіресіз бе?
— Әртүрлі реакциялар болады. Көктемде, жылдың басында мен көбіне позитивті реакцияларды көретінмін. Ал соңына қарай… қолдау аздау болды. Мүмкін адамдар шаршаған да шығар.
— Соғысты қолдаушыларды жиі кездестіресіз бе? Бәлкім, сіздің достарыңыздың арасында?
— Иә, көп адамдарды жоғалттым. Әрине, олар мен үшін жақсы достар емес еді — жай ғана жолдастар болды.
— Ондай адамдарды кездестіргенде қандай сезімде боласыз?
— Маған ауыр. Бұл адамдардың ойын өзгерте алмайтыныңды сезінуден туындайтын — өте күшті дәрменсіздіктің күйі, сезімі. Украинада адамдар қаза тауып жатыр. Соғыс жағында қалай бола аласыз? Бұл өте қорқынышты және ауыр.
— Қорға көмектесіп жатқаныңызды білгенде достарыңыз сізді қолдады ма?
— Иә, әрине, көпшілігі қолдады, бірақ блоктап тастағандар да болды. Олар менімен араласқысы келмейтінін, жолымыз екіге бөлінгенін айтты.
— Бұл сізге кедергі болған жоқ, және сіз көмектесуді жалғастырып келе жатырсыз. Бұл өте маңызды.
— Басқаша қалай болар еді? Менің ойымша, бұл адекваттылықтың көрсеткіші секілді. Мен соғыстың жақтаушысы емеспін ғой. Бұл гуманитарлық миссия. Мен жақсылықты таңдаймын.
— Украинамен достық қарым-қатынастарыңыз байланыстырады дедіңіз. Өте жақын достарыңыз ба?
— Иә, мен біреуімен бір жылдан астам уақыт жұмыс істедім, біреуімен бірге өстім. Олар мені ерікті болуға шабыттандырады. Әсіресе, 2014 жылы соғыстан аман қалған Краматорскідегі досым. Солардың арқасында мен күш пен шабыт табамын. Қазір олар үшін қиын кез екенін біле тұра, мен қол қусырып отыра алмаймын. Менің немқұрайлығым мен әрекетсіздігім мені өлтіреді. Толыққанды соғыстың басында Харьковтағы досым, оған қорқынышты екенін жазған сәтін ұмыта алмаймын. Ол дәл сол кезде Киевтің жанында болған. Біз бір-бірімізбен хабарласып тұрдық. Әңгіме барысында ол меннен, «Украинада емессің бе?», — деп сұрады, өйткені маған да қорқынышты болды. Ол мұны сезіп, маған қолдау көрсетті. Осындай әңгіме болды.
Былтыр мен Португалияда болдым, Украинадан келген қыздармен сөйлестім. Біздің Қазақстанда не істеп жүргенімізді естігенде, олар жылап жіберді. Мен мұндай алғыс айтатын адамдарды бұдан бұрын кездестірмедім.
— Соғыс басталғалы жақсылыққа деген сеніміңіз жоғалмады ма?
— Қазіргі жағдайым туралы айтатын болсақ... Білесіз бе, мен қазір сенім дағдарысын бастан кешіріп жатырмын. Мен әлі күнге дейін католик шіркеуінде қызмет етемін. Бірақ қазір мен христианнан гөрі агностикке айналып бара жатқан сияқтымын. Кейбір діни қызметкерлер мені түсінеді. Олар: «Христостың көзімен көруді үйрен. Христос әрқашан жауларын кешірген. Сен де кешіруге тырыс», — деп айтады. Ал мен кешіре алмаймын. Мен оларды жақсы көремін, кешірдім деген кейіп таныта алмаймын. Іштей үйлесімділік жоқ. Бірақ жақсылыққа деген сенімді жоғалтқан жоқпын. Мен оны біздің қордан көремін.
— Шіркеу туралы аздап айтып бере аласыз ба? Бұл өте қызықты. Сіздің қызметіңіз қандай?
— Рим-Католик шіркеуінің Астана Епархиясында мынадай ереже бар: литургияны не діни басқарма өкілдері, не арнайы оқытылған адамдар жасай алады. Мен де сол адамдардың бірімін. Мен қазақ тілін білемін және әдетте әр жексенбіде қазақ тілінде бір дұға оқимын, мысалы, «Біздің Әкеміз». Қасиетті Месса кезінде мен шіркеуде қызмет етемін. Шығыс (православие) шіркеуінде мұндай адамды алтарник деп атайды, ал латын салтында оны министрант деп атайды. Әдетте шіркеудің қоңырауын соғамын. Қасиетті Евхаристия кезінде су мен шарап беремін. Ерекше мерекелерде мен хош иісті заттарды қолданамын. Егер бұл айқыштың жолы болса, мен айқышты алып жүремін.
Жәнібек достарының ұлымен шіркеуде
Шіркеуде
Жәнібек украиндық діни қызметкермен
— Айына екі-ақ күн демалыс, ал сіз еріктілік пен шіркеуге де уақыт табасыз ба?!
— Шынымды айтсам, кейде күш-қуатым бола бермей жатады. Бірақ Украинада жақын адамдарымыз нені бастан кешіріп жатқанын ойласам, менің күш-жігерім жеңіл серуендеу сияқты көрінеді. Олар онда тұрақты бомбалану астында. Былтыр мен Португалияда болдым, Украинадан келген қыздармен сөйлестім. Біздің Қазақстанда не істеп жүргенімізді естігенде, олар жылап жіберді. Мен мұндай алғыс айтатын адамдарды бұдан бұрын кездестірмедім. Сөзіме сеніңіз, мен олардың көз жастарын ешқашан ұмыта алмаспын. Бұл адамдар, достарым — олардың барлығы мені тоқтамауға және әрі қарай көмектесуге шабыттандырады.
— Қазір де шіркеудегі міндеттеріңізді атқаруды жалғастырып жүрсіз бе?
— Иә, бірақ мен оны ерік-жігерімді жұмсай отырып жасаймын. Шынымды айтсам, маған қиын. Бірде қазақ тіліндегі музыкалық қызметтің репетициясында болдым. Жетекші бізді Украинаға көмектесіп жүргенімізді сынады. Мен одан бірнеше рет бұны тоқтатуды сұрадым — қатты жанжалға айналды. Бірақ диалогымызды бір адам естіді. Ол ресейлік. Кейіннен ол біздің тұрақты еріктімізге атанды. Кейде мұндай қақтығыстар жақсылыққа айналады. Бұл ерікті тағы бір ресейлікті әкелді. Нәтижесінде, екеуі де біздің белсенді қатысушыларымыз. Осындай жемістерді көргенде, рухың көтеріледі. Әсіресе, тағы бір балабақша немесе мектеп іске қосылғанын естігенде. Бұл өте шабыттандырады!
Әрбір ерікті өз үлесін қосады. Көршімізге ғана арқа сүйеп қалсақ, ештеңеге қол жеткізе алмаймыз. Мүмкіндігінше бірдеңе жасаған дұрыс. Менің достарыммен жолдастарым жертөлелерде, бомбапаналарда бомбаланудан жасырынып жатқанда — мен ештеңе істемей, қол қусырып отыра алмаймын, өз қолыммен бірдеңе істеуім керек.
— Нені армандайсыз?
— Көптеген адекватты адамдар сияқты, мен де соғыс пен зорлық-зомбылықтың болмағанын армандаймын.
— Қорда алған ең маңызды тәжірибеңіз қандай?
— Кейде кейбір өткір пікірлерден аулақ болу керектігі.
— Неліктен сізге донат ғана жасап емес, қор өміріне қатысу маңызды?
— Білесіз бе, әрбір ерікті өз үлесін қосады. Көршімізге ғана арқа сүйеп қалсақ, ештеңеге қол жеткізе алмаймыз. Мүмкіндігінше бірдеңе жасаған дұрыс. Менің достарыммен жолдастарым жертөлелерде, бомбапаналарда бомбаланудан жасырынып жатқанда — мен ештеңе істемей, қол қусырып отыра алмаймын, өз қолыммен бірдеңе істеуім керек. Достарымызға деген немқұрайлылық, бізді де қандай да бір дәрежеде қиянатқа сыбайлас етеді деп есептеймін
— Мүмкін сіздің басқа да қызығушылықтарыңыз бар шығар?
— Мен күнде жұмыс істеймін, бос уақытым жоқ. Қолымды қараңыз (бояу жағылған қолдарын көрсетеді) — Мен қолыммен жұмыс істеймін. Әдетте бос уақытымда бір нәрсемен айналысамын. Бос отырмаймын.
— Қорда немен айналысқанды ұнатасыз?
— Мен өз қолыммен періштелер жасағанды ​​ұнатамын. Оларға жанымды саламын. Маған бұрын ұнамайтын, онша шебер емес едім, бірақ қазір оларды жасағанды ​​жақсы көремін. Бұл өте әдемі және креативті. Жәрмеңкелерге қатысып, әртүрлі адамдармен араласқанды ұнатамын. Адамдардың бәрі немқұрайлы емесін көргенде қатты қуанып, шабыттанамын.
Жәнібек Астанадағы жәрмеңкеде, қыркүйек 2023 жыл
Жәнібек Астанадағы жәрмеңкеде, қыркүйек 2023 жыл
Анна, Кристина, Жәнібек және Аэлита украин халқымен ынтымақтастық кешінде, Human Rights Hub
Анна, Кристина, Жәнібек және Аэлита украин халқымен ынтымақтастық кешінде, Human Rights Hub
Жәнібек (ортада), басқа еріктілермен бірге Жаңа жылдық толока кезінде
Жәнібек (ортада), басқа еріктілермен бірге Жаңа жылдық толока кезінде
— Қорға қандай тілегіңіз бар?
— Даму. Көрегендік стратегия. Одан әрі дами беруімізді тілеймін. Тек Черниговта ғана емес, басқа бомбапаналарды қалпына келтіруге көбірек көмектесуімізге тілектеспін. Біздің көмегіміз соғыстан кейін де — қираған қалаларды қалпына келтіру кезінде де қажет болады.
— Басқа еріктілермен достық қарым-қатынас орнаттыңыз ба?
— Иә, әрине. Бұл адамдар мені қатты шабыттандырады. Әсіресе, Ресейден келген адекватты адамдарды осында кездестіргенде қуанамын. Олар қорға шын жүректен көмектеседі, алаңдайды және біз бірге маңызды нәрсені жасап жүрміз.
Осындай жемістерді көргенде, рухың көтеріледі. Әсіресе, тағы бір балабақша немесе мектеп іске қосылғанын естігенде. Бұл өте шабыттандырады!
— Сіз үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе не?
— Қауіпсіздік. Шындық. Мейірімділік.
— Соғысты қолдағандарға мейірімділік танытуға бола ма?
— Мен қазір өзімнің осы күнгі жағдайымды айтайын. Мен ондай адамдарға мейірімділікпен қарай алмаймын. Мен үндемей қойғаным жақсырақ болар, бірақ мен әзірге кешіре алмаймын.
— Тіркесті жалғастырыңыз: «“Еркіндік Періштелері»” — бұл...»
— Бұл жақсылыққа деген сенім. Жарқын болашаққа деген сенім.
Автор: Камилля Хайрулина
Еркіндік Періштелері
Еріктілермен сұхбаттар