-
«Мен өзімді пайдалы сезінемін, сондықтан осындамын»
Астаналық Джамиля небәрі 18 жаста болса да, ол қазірдің өзінде «Еркіндік Періштелері» қорының бүкіл SMM бағытына жауапты. Алғашында ол қарапайым дизайнер болып жұмыс істеді. Мақсаты тек практикалық еді — Еуропадағы университетке түсу үшін тәжірибе жинау қажет болатын. Алайда жарты жылдың ішінде бәрі өзгерді. Джамиляға барлық әлеуметтік желілерді басқару сеніп тапсырылды, ол қазір өз өмірін волонтерліксіз елестете алмайды. Біз қазақстандық қызбен Украина балаларын қолдау неге маңызды екенін және күнделікті ұқыпты еңбегі үшін күш-қуатты қайдан алатыны туралы сөйлестік.
-
«Кішкентай игі істердің құнын түсірудің қажеті жоқ — солардан мұхит көлемді көмек құралады»
Әсел Орал қаласының маңында тұрады. Әсел Америкалық компанияда қашықтық жұмыс істейді. Оған қарамастан ол волонтер болып «Еркіндік Періштелері» TikTok желісін жүргізеді. Әсел құрастырған бейне рөлдер Қазақстандардыктардың назарын аударуда. Осылайша біздің елімізде көптеген адамдар Украинаның мектептерімен, балабакшаларында баспаналарды жабдықтауға көмектесе бастады. Қазақстан азаматшасы неліктен ерікті бола бастағанын, оның өмірінде украин мәдениетінің орны қандай екенін және қалай шаршамай, оптимист болып қалатынын білдік.
-
«Балаларға білім беру — ел болашағына салынған инвестиция»
Наталья 2024 жылдың ақпанында Қордың волонтеры болды. Ол Украинада дүниеге келген, бірақ он жылдан астам Доминиканда тұрады. Оның туған жерінде отбасы мен достары қалды. Елден шалғай жүруі Украинадағы балаларға көмектесуге кедергі болған жоқ. Біз Натальямен Доминикан туралы, соғыс кезінде мектептер мен балабақшаларға неліктен көмектесу керектігі және балалардың волонтерлік іс-шараларға қатысуының маңыздылығы туралы әңгімелестік.
-
Баспаналарды жабдықтау: балалардың қауіпсіздігі мен мектептер мен балабақшалардағы оқу процесін қолдау
«Еркіндік Періштелері» қорының негізін қалаушылар Евгений Рибалко мен Ирина Семенчуктың да шығу тегі украиндық және Чернигов облысымен тығыз байланысты. Ирина Черниговтағы мектепті бітіріп, 20 жасына дейін сонда тұрды. Олар үшін осы өңірдегі зардап шеккен балабақшалар мен мектептерге қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсету жерлестеріне қолдау көрсету ғана емес, сонымен қатар аса маңызды жеке миссиялары.
-
«Мен жай қол қусырып қарап отыра алмаймын, өйткені немқұрайлылық өлтіруі мүмкін»
Маденов Жәнібек өткен жылдың қазан айында қордың еріктісі атанды. Оның айына екі күн ғана демалысы барына қарамастан, ол ерікті болып, шіркеуде де қызмет етуге уақыт табады. Соғыс оның жеке бақытсыздығына айналды, өйткені оның жақын достары Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі кезінде, Украинада болған. Жәнібек соғыс басталғалы бері өмірінің қалай өзгергені, сенім дағдарысы туралы, оны еріктілікке айналысуға кім шабыттандыратынын және оның неге көмектесуін әрі қарай жалғастыратындығы жайлы бізге айтып берді.
-
«Әрбір көмек қолы өте маңызды»
Елена Чижова Черниговта туып-өскен, сонымен қатар жергілікті университетті де бітірген. Елена 20 жылдан бері Украинада тұрмайды, алайда соғыс басталғаннан кейін ол жерлестеріне жәрдем бере бастады. Бұл Елена мен оның әпкесі Ольганың «Еркіндік Періштелері» қайырымдылық бастамасы және Қазақстанда осы аттас Қордың пайда болуының бастамасы болды. Акцияның қалай дүниеге келгені және украин мектептеріне көмек ондаған елдерді қалай біріктіргені туралы Елена өз сұхбатында айтты.
-
«Шын мәнінде, біз адамдардың өмірін құтқарамыз»
Юлия Украинадан, күйеуі — Ресейден. Олар 2022 жылдың 24 ақпанынан кейін Қазақстанға қоныс аударуға мәжбүр болған көптеген жұптың бірі. Басқалар сияқты олар да өз өмірін жаңадан бастауға мәжбүр болды. Бұл жаңа, қиын және беймәлім өмірде олар өздеріне және өздерінің мәселелеріне тұйықталып қалмады, қайта басқаларға көмектесу мүмкіндігін тапты — олар «Еркіндік Періштелері» жобасын тапты. Біз Юлиямен олардың Мәскеуден кетуі, оны «Еркіндік Періштелері» жәрмеңкелерінде таң қалдырған адамдары туралы, «берілу» және «жалғастыру» арасындағы таңдау туралы сөйлестік.
-
«Біз адамбыз. Адамдар бір-біріне көмектесуі керек»
2022 жылдың 24 ақпанында көптеген украин-ресейлік некелер бұзылды. Дегенмен соғыс сынақтарына төтеп беріп, бірге болуға күш тапқан жағдайлар да бар. Осындай мысалдардың бірі — Вячеслав пен Кристинаның оқиғасы. Екі түрлі ұлтқа жататынына қарамастан, олар мемлекетаралық қақтығысты бірдей қабылдады. Қазір Вячеслав пен Кристина Қазақстанда тұрады, жұмыс істейді және волонтерлік қызметпен айналысады. Біз олармен «Еркіндік Періштелеріне» көмектесу неліктен маңызды, бұл қаншалықты оңай немесе қиын, жобаға қатысу кезінде оларды не таңғалдырғаны туралы сөйлестік.
-
«Сіз істеп жатқан нәрсе дұрыс және қажет»
Салтанат Қазақстанның солтүстігінде тұрады, HR-маман болып жұмыс істейді және зейнеткер ата-анасына көмектеседі. Олар жылқы өсіріп, шағын шаруашылықпен айналысады. Ол 34 жаста, Малайзияда магистратура тәмамдаған және ірі компанияда жұмыс істейді. Салтанат «Еркіндік Періштелері» жобасына 2023 жылдың наурызынан бастап қосылды. Біз онымен ерікті болуға, елдің ең қиын өңірінен Украинаға көмек қорына қосылуға қалай шешім қабылдағанын және украиналық мектептерге көмектесуге ниет пайда болған кезде неден бастау керегін сұрадық.








