Баспаналарды жабдықтау: балалардың қауіпсіздігі мен мектептер мен балабақшалардағы оқу процесін қолдау

«Еркіндік Періштелері» қайырымдылық қорының негізін қалаушылармен сұхбат

9 наурыз 2024

«Еркіндік Періштелері» қорының негізін қалаушылар Евгений Рибалко мен Ирина Семенчуктың да шығу тегі украиндық және Чернигов облысымен тығыз байланысты. Ирина Черниговтағы мектепті бітіріп, 20 жасына дейін сонда тұрды. Олар үшін осы өңірдегі зардап шеккен балабақшалар мен мектептерге қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсету жерлестеріне қолдау көрсету ғана емес, сонымен қатар аса маңызды жеке миссиялары.

Біз Ирина мен Евгенийдің бірінші сұхбатын бір жыл бұрын сайтымызда жариялаған болатынбыз, бүгін біз өткен бір жылда не өзгергенін және «Еркіндік Періштелері» қорының қазір қалай жұмыс істеп жатқандығын білгіміз келеді.
.
Ирина Семенчук
.
Евгений Рибалко
«Еркіндік Періштелері» қорының қолдауымен Чернигов қаласындағы үш мектеп пен төрт балабақшаға арналған баспаналарды жөндеу және жабдықтау жұмыстары жүргізілді.
— Қайырымдылық қоры пайда болғанға дейін «Еркіндік Періштелері» жай ғана бастама, еріктілер бірлестігі ретінде ұзақ уақыт қызмет етіп келді. Қандай себеппен Қазақстанда қайырымдылық қорын құру туралы шешім қабылдадыңыз?
Ирина: Біз «Еркіндік Періштелері» бастамасының қалай пайда болғаны және оның дәл Қазақстанда қалай пайда болғаны туралы алдыңғы сұхбатымызда айтқан болатынбыз. Біз қорды Чернигов мектептерінің біріне көмектесу үшін алғашқы қаражат жинау науқаны басталғаннан соң алты айдан кейін құрдық. Басында біз тек бір мектепке көмектескіміз келді, бірақ кейін басқа мектептер мен балабақшалардан өтініштер түсе бастадық және олардан бас тарта алмайтынымыз белгілі болды және бұл енді тек бір мәртелік акция емес.

Евгений: Біздің тәжірибеміз бен ресурстарымыз білім мен қолдауды қажет ететін балаларға пайдалы болатынын түсіндік. Сонымен қатар, біз осы қиын кезеңде көмектескісі келетін және игі іс жасағысы келетін, ауырсыну мен алаңдаушылықты сезінген адамдардан, жобаға қатысу олар үшін құтқарылу құралына айналғандығын адамдардан жаппай өтінішін алғанда көрдік. Біздің қоғамдастық есе түсті, донаттардың саны артты және, әлбетте, заңды тұлғаға айналуымыж біздің қызметімізге барынша заңдылық/легитимділік беруге мүмкіндік берді.
Черниговтағы Евгений
Чернигов қаласындағы балабақшаның баспанасына жиһаз жеткізу
Чернигов қаласының балабақшасындаңы толока
— Қордың шетелдік қайырымдылық ұйымдарымен байланысы бар ма, әлде Қазақстандағы жергілікті жоба ма?
Евгений: Қор Қазақстанда құрылып, тіркелген және шетелдік қорлармен байланысы жоқ. Сонымен қатар, біз әртүрлі елдерден адамдардан қайырымдылық құралдарын қабылдаймыз, ал біздің еріктілер әлемнің түкпір-түкпірінде тұрады. Біз кез келген қамқор адамнан немесе ұйымдардан қуана қолдау аламыз, жобаны дамытуға кез келген көмек, соның ішінде шетелдік бизнес пен дипломатиялық өкілдіктерден де маңызды. Жақын болашақта біздің мақсатымыз әлемнің әр түкпірінен көбірек қолдау алады деп сенейік, өйткені бұл бізге көбірек қаражат жинауға және білім беру мекемелеріне көмектесуге көмектеседі. Біздің жоба біріктіретін және мейірімді күшке ие, біз оны әртүрлі адамдарды қалай баурап алатынымыздан көреміз.
— Сіз балабақшалар мен мектептерді жабдықтаумен ғана айналысасыз ба, әлде Украинаны қолдау бойынша басқа жобаларға да қатысасыздар ба?
Евгений: Бір жарым жыл бұрын, біз жобаны енді ғана іске қосып жатқанда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептегі баспаналарды жабдықтамақ едік. Бүгінгі күні тұрақты зымырандық шабуылдар жағдайында біздің мақсатымыз әуе шабуылдары кезінде балалардың баспаналарда қауіпсіз болуы үшін ғана емес, сонымен қатар оқу процесін жалғастыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету екенін түсінеміз. Өкінішке қарай, әуе шабуылының дабылы күн сайын қағылып, мұғалімдер мен балаларды ұзақ уақыт бойы баспанада қалуына мәжбүрлейді. Біз оларды қажетті құрал-жабдықтармен және ресурстармен қамтамасыз ету арқылы білімдерін жалғастыруға көмектесеміз. Біз жинаған барлық қаражат Чернигов қаласындағы мектептер мен балабақшалардағы баспаналарды жабдықтауға жұмсалады. Біз Украинаға аударылған барлық қаражат балалардың пайдасына кетуі үшін шығындарды қатаң бақылауда ұстаймыз.

Ирина: Air-alarms.in.ua сайтының мәліметіне сәйкес, Чернигов пен сол облыста 2024 жылдың 24 ақпанынан бастап 1215 әуе дабылы тіркелді, олардың орташа ұзақтығы 1 сағат 9 минутты құрады. Яғни, Чернигов балалары баспанада 1397 сағат өткізді. Бұл олардың өмірінің ауқымды бөлігі. Балабақшадағы тыныш уақытта әуе шабуылы дабылы естілсе, балаларды оятып, баспанаға апарып, сонда ұйықтауды талап етеді. Сондықтан балалар баспанасы үшін көп орын алмайтын үш деңгейлі бесіктердің маңызы өте зор. Мектепте сабақ кезінде әуе шабуылы дабылы шықса, баспанаға түскеннен кейін сабақтар да жалғасуы керек. Егер сынып тест жазып жатса, оны баспанада жазуды жалғастыру керек. Бұл үшін бізге жай ғана орындықтар емес, оқу процесі жалғасуы үшін баспанадағы үстелдер де қажет.
Павлодар қаласындағы жәрмеңкеде, 2022 ж., желтоқсан
Чернигов қаласының мектебіндегі баспанадағы «Еркіндік Періштелері» қорының орындықтары
Чернигов балабақшасының баспанасындағы үстелдер мен үш қабатты кереуеттер
— Қорға Қазақстанның танымал тұлғалары қолдау көрсетті. Сіздің жұмысыңызды сынайтындар бар ма?
Ирина: Әрине, кез келген ұйымдағыдай бізде де сынайтындар бар. Дегенмен, біз саяси пікірталастарда бейтарап болып, тек гуманитарлық мақсаттарға ғана көңіл бөлуге тырысамыз. Біздің миссиямызға сеніп, бізді қолдаған жандарға алғысымызды білдіреміз. Дегенмен, біздің алға қойған мақсатымыз: міндеттерімізді орындап, саяси қақтығыстарға араласпау біз үшін аса маңызды.

Евгений: Жақында біз Ринат Балғабаевпен толоко форматында подкаст түсірдік. Қазақстандық деректі режиссер біздің жұмысымызды басынар бастап қолдады. Біз гуманды құндылықтарды қолдайтын адамдарға өте жақынбыз. Подкастымызды көруге кеңес беремін. Ол YouTube-тегі Angels of Freedom арнасында жарияланды.
— Бүгінде қорда қандай еріктілер қауымдастығы бар?
Ирина: Қазіргі уақытта қордың жұмысына 100-ден астам адам белсенді түрде қатысуда. Олардың көпшілігі Қазақстанда тұрады, бірақ бізге қашықтан қолдау көрсететіндер де бар, олар әртүрлі елдерде тұрады. Біз үшін еріктілердің ұлты немесе орналасқан жері маңызды емес, біз үшін ең бастысы олар біздің мақсаттарымыз бен ұстанымдарымызды қолдайды және қор ережелерін қабылдайды.

Жұмысымыз бастау алғанда біз төрт маңызды ережені анықтадық, атап айтқанда олар келесіде:
  • біз өз тобымызға араздық тудыратын және қоздыратын адамдарды қабылдамаймыз;
  • жобалық коммуникацияларда қайшылықты контентті пайдалануға тыйым салынады;
  • біздің жоба әскери мақсаттарды қаржыландырмайды және тек гуманитарлық тапсырмаларды, атап айтқанда балалар мекемелеріне көмек көрсетуді қарастырады;
  • біз партиялармен және саяси қайраткерлермен жұмыс істемейміз, жобалық іс-шараларда саяси мәселелерді талқылауға тыйым салынады.
Осы ережелерді қолдайтындардың барлығы біздің қатарымызда.

Евгений: Иә, бізде жобаның ережелері мен құндылықтарын сақтамай, кейін біз олармен қош айтысқан жағдайлар болды.
— Қанша қаражат жинап үлгердіңіздер және қандай жобалар іске асырылды?
Евгений: Украинада соғыс қимылдары басталған екі жыл ішінде қор 25 миллион теңге жинады. Қордың қолдауымен Чернигов қаласындағы үш мектеп пен төрт балабақшаның баспаналарын жөндеуге және жабдықтауға мүмкіндік пайда болды. Қазіргі жинақ тағы бір баспананы жөндеуге жұмсалды, онда екі балабақшаның 450-ден астам баласы әуе шабуылы кезінде уақыт өткізеді.

Ирина: Үш балабақшада біз баспаналардағы желдету жүйелерін орнаттық, соның арқасында балалар жертөледе ұзақ болғаннан кейін де қалыпты тыныс ала алады. Екі балабақшаға еден плиткалары орнатылып, барлық балабақшаларда балалардың ыңғайлы отыруына мүмкіндік беретін жиһаздармен жабдықталды. Сондай-ақ мектептерге баспаналарына қажетті жиһаздармен, балалардың жертөледе тұруына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге көмектестік.
— Дәл қазір жобаға қалай көмектесе аламыз?
Евгений: Егер сіз көмек қолын созғыңыз келсе, біздің ерікті бола аласыз немесе қайырымдылық жасай аласыз. Біз әрқашан тобымызға жаңа тұлғаларды қабылдауға ашықпыз және жобаларымызды жүзеге асыруға көмектесе алсаңыз, қуанышты боламыз. Енді біз Patreon-да ай сайынғы қолдауға жазылатын донорларды ерекше бағалаймыз. Біз үшін төлемді жоспарлау өте маңызды, бұл Украинадағы оқу орындарына көмек көрсетуді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Ирина: Қай жерде болғаныңыз маңызды емес — Қазақстанда, Украинада немесе басқа жерде. Ең бастысы, сіз біздің құндылықтарымызды бөлісесіз және соғыс кезінде балалардың сапалы білім алуына көмектесуге дайынсыз.
Автор: Мария Ясинская
Еркіндік Періштелері
Еріктілермен сұхбаттар