«2024 жылғы 24 ақпанда БҰҰ “Ресей-Украина әскери қақтығысы”, ал Кремль “арнайы әскери операция” деп атаған Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінің басталғанына екі жыл толды. Бұл соғыс жүздеген мың адамның өмірін танымастай өзгертті (ал кейбіреулердің өмірін мәңгіге алып кетті). Соғыс Украина мен Ресейде ғана емес, Қазақстанда да ізін қалдырды. Orda.kz Украинаның бейбіт тұрғындарына көмектесу абыройлы мәселеге айналған қазақстандықтар туралы айтады.»
Orda.kz
