Балабақшада 92 бала оқып жатыр, оның 4-еуі — ерекше қажеттіліктері бар балалар. Олар күн сайын паналау орнында бас сауғалауға мәжбүр. Паналау орнындағы керуеттер паллеттерден жинақталған, ал еденнің орнына – үстіне линолеум төселген ескі есіктер. Қабырғалары жылу ұстау үшін оқшаулағыш материал қалдықтарымен қапталған. Дәретхана жоқ.