«Толокаға адамдар жаман ойлармен келмейді»
«Еркіндік Періштелері» бағдарламасының Алматы қаласының үйлестірушісімен сұхбат
Зарина
Зарина — эколог мамандығының студенті, маркетинг саласында жұмыс жасайды, бос уақытында Алматы қаласының «Еркіндік Періштелеріне» көмек көрсетеді. Біз Заринадан адамдар толокада не туралы сөйлесетінін, неге періштелерді сатып алмай, тауып алатындығын, және ата-анасы волонтёрлығына көз қарасы туралы білдік.
«Еркіндік Періштелері» — жаныңа жақын адамдарды кезіктіріп, өз күйзелісіңді бөлісе алатын жер.
Зарина, сіз жобада дәл немен айналысасыз?
— Басында «Еркіндік Періштелеріне» веб-сайт жасаумен айналастым. Ал қарашада Алматыдағы бірінші толокаға келген Евгений мен Ирина [жобаның ұйымдастырушылары] келіп, олармен жеке танысқанда, бағдарламаны бүкіл Қазақстан бойынша дамытқысы келетіндерін айтты. Сол кезде ойымда «иә, мен бұл затпен айналысқым келеді» деген ой туындады. Сондықтан мен сол кезден бері сайтты жөндеумен қатар, Алматыдағы «Еркіндік Періштелері» жобасын үйлестіріп келе жатырмын. Толокалар, жәрмеңкелер жүргізіп, волонтёрлармен сөйлесемін.
Неліктен волонтёр болдыңыз? «Украинаға көмектесемін» деген ой қайдан келді?
— Жалпы соғыстың басынан Украинаны қолдап келе жатырмын. Украинаның Қазақстандағы елшілігі, Украинаға гуманитарлық көмек көрсетудің жетекші орындары ұйымдастырған бүкіл іс-шараларға қатысқанмын. Ұйымда көмектеспесем де, әрдайым келіп, ақшалай көмек беріп, арнайы өнімдерді сатып алып жүрдім. Бір күні @help_ukraine_kz Инстаграм парақшасында «Еркіндік Періштелері» бағдарламасына маркетолог маманы керек екендігін білдім. Өз салам бойынша көмек бере алатынымды біліп, бірден өз кандидатурамды ұсындым.
Соғыс басталған кезде қандай ойда болдыңыз?
— Сандырақтандым. Бұл менің ең бірінші ойым болды. Мен 24 ақпанда іссапардан кештетіп ұшып келіп, күні бойы ұйақыда болғанмын. Ұйқыдан тұрып, «Телеграмды» ашсам, әпкем жаңалықтарды толтырып жіберіп жатыр екен. Жарты сағаттай үйде әрі-бері жүріп, не істерімді, не ойларымды білмедім. Украинада менің көп достарым бар, мен оларды ешқашан көрмесем де, олар менің ғаламтор-достарым. Біз мектептен бері сөйлесіп келеміз, сондықтан мен бірден солар туралы ойлағам. Жарты сағаттай есімді жиып, жарты сағаттай жаңалықтарды оқып, содан кейін оларға жазып, қал-жағдайларын сұрадым. Бұл соққыдай болды.
Соғыстың басталғаны Қазақстандық БАҚ-да қалай жазылды?
— Мен бұл жағдайды теледидарда немесе мемлекеттік арналарда қалай айтылғанын білмеймін. Тәуелсіздік БАҚ-да «Соғыс басталды. Ресей Украинаға басқыншылықпен келді» дегенді ғана көрдім. Әрине, «Жоқ, бұл соғыс емес, бұл арнайы әскері операция» дегендер де болды. Бірақ мен бұл тараптан қарамадым. Жалпы, Қазақстанда көбісі Украинаны қолдайды деп ойлаймын. Бірақ басқаша ойлайтындар да бар. Тіпті менің отбасымда сондай адам бар- менің атам. Ол ресейлік телеарналарды қараған соң, тиісінше пропагандаға шалдыққан. Анама жаңалықтарды оқып, өз жағыма шығарып алдым, өздігінен жаңалық оқитын кісі емес. Біздің қарым-қатынасымыз жақсы болғандықтан, ол маған сеніп, пікірімен бөлісті. Қазақстанда соғысқа қарсы митинг өткізуге сұраулар көбейді. 2022 жылдың 6 наурызында сондай митинг өтті. Алматы қаласының жартысы шыққан шығар бәлкім. Плакаттармен шығып, Украинаны қолдады. Бұл өте мықты және эмоционалды болды.
Бойы үстелмен бірдей кішкентай бала бізді көріп «Анашым, бұл біздің елдің туының түстері емес пе?!» деді. Оған анасы «Иә, балам, бұл адамдар бізді қолдап, бізге көмектеседі», — деді. Сол кезде көзіме жас жиналғандай сезіндім.
Сіздің Ресейде туыстарыңыз барма?
— Иә, алыс туыстарым бар. Бірақ менде Ресейден достарым да болған.
Олар 24 ақпаннан кейін жоғалып кетті ме?
— Біз бір-бірімізге жалпы хабарласпайтынбыз. Соғыс басталаннан кейін бір баяғы жақсы досыммен сөйлескем, бірақ ол бұл тақырыптан аулақ. Білмеймін, мүмкін WhatsApp-та бұл туралы сөйлесуге қорқатында шығар. Қадағаланатын шығар, оны мен білмеймін. Бірақ осы заттың бәріне сабырлы көз-қараспен қарағасын, мен онымен сөйлесуді жалғастырмауды жөн көрдім.
Сіздің достарыңыз, туыстарыңыз сіздің волонтерлық белсенділігіңізге қалай қарайды? Тек әшейін көмектеспей, өз уақытыңызды және күш қуатыңызды бөлетіндігіңізге?
— Менің волонтерлық белсендігімді барлық туыстарым біле білмейді. Бірақ білетін туыстарым мені түсінеді. Менің әпкелерім, менің ер жігітім мені қолдайды. Мен оны неге және не үшін істеп жүргенімді түсінеді.
Украинаның және украиналық қоғамның қолдауы қазақстандықтарға маңызды деп ойлайсызба?
— Украинының қолдауы Қазақ халқына өте маңызды. Менің бір байқауым, 24 ақпаннан кейін мәдениет және тілдің сұрағы маңызды орын алды. Біз өзіміздің тілімізді оқып, осы тақырыпқа көңіл бөле бастадық. Бұрында олай болмаған. Қазірде өз елінің тілін, тамырын қорғау керектігін түсіндік. Адамдар бірлескеніне мен сенемін. Украина халқына түскен қайғы-қасіретті бөлісіп, көмек қолын тигізіп жатырмыз.
— «Еркіндік періштелері» бағдарламасында өз қолымен қуыршақ-тұмарлар жасайды. Сіз өзіңіз толокаға қатысқанда қолыңыздан тұмар жасап көрдіңізбе?
— Қараша айындағы Алматыдағы алғашқы ірі толока кезінде мен өзімнің ең бірінші періштелерді жасап көрдім. Бұл өте тыныштандыратын іс, өйткені жиналған кезімізде әртүрлі адамдармен сөйлесеміз, ортақ тақырыптарды табамыз. Алматы қаласының үйлестірушісі болғандықтан, мен періштелерді өз басым сатқанмын. Тек жәрмеңкені қай жерде өткізетін жерді таппай, тег және плакаттарды дайындап, жәрмеңкеде өзім тұрып, адамдарға бағдарлама туралы айттым.
Алматыдағы алғашқы толока.
27 қараша 2022
Мұндай жәрмеңкелер көргенде адамдар қандай пікір білдірелі?
— Теріс көзқарас болған жоқ. Тек бір жағдаят болған, жәрмеңкеде әйел жақындап келіп, біз «насихаттап жатырмыз» деп, наразылық білдірді. Біз не «насихаттайтынымызды» білмеймін (күледі). Тағы бір әйел келіп, бізге бұл ақша Украинаға жетпейді екенін болжамдады. Украина туының түстерін көргенде, көптеген адамдар қызығып, саналы күйде донат жасайды. Позитивті эмоциялар мен адамдар әлдеқайда көп.
Адамдар қандай сұрақтар қояды? Қалай қолдайды?
— Бір жағдаят болған, мен оны есімде жақсы сақтап қалғанмын. Ең бірінші жәрмеңкеде сауда орталығында тұрғанбыз. Ана мен екі баладан тұратын отбасы жанымызға келді. Бойы үстелмен бірдей кішкентай бала бізді көріп «Анашым, бұл біздің елдің туы емес пе?!» деді. Оған анасы «Иә, балам, бұл адамдар бізді қолдап, көмектеседі», — деді. Сол кезде көзіме жас жиналды.
Толока кезінде адамдар не туралы сөйлеседі?
— Шын айтсам, әңгімелер әртүрлі. Мысалға, соңғы кезде біз моншаны кім ойлап тапқаны және кім ол жаққа баратынын талқыладық. Ал кеше ғана толокада пирсинг және татуировкалар туралы сөйлестік, ата-аналарымыздың реакциясы туралы әңгімелестік. Шынымен де оңай достар тауып алуға боладытын жанға жылу отырыстар.
Толокада қазақ, орыс және украин халықтары көріскен кездер болған ба? Ұрыс-керіс туындаған ба?
— Бұндай жағдайлар болған, бірақ ұрыс-керіс болмады. Евгений айтқан «толокаларға жаман ниеті бар адамдар келмейді, тек көмек көрсеткісі келетін мейірімді жандар жиналады» сөзі маған аса ұнайды. Ең бірінші толокада қазақ, украин, Ресейден келген орыстар, белорус халықтары болған. Біз танысып, немен күн көретінімізді айтып, соғыс ешкімге керек еместігін айтып, сол соғысты бастағандар өздерінен басқа ешкімді ойламайтынын айттық. Менің бір байқағаным — «Сен қай жақтансың?» деген сұраққа «Украина» деген жауап келсе, адамдар не айтарын білмей, бірақ түсіністікпен қарайды. Сондай әсер Ресейден келген адамдарға да болады. Жанашырлықта бар, ыңғайсыздықта бар.
Періштелерді сату қиын ба? Психологикалық тосқауыл болды ма?
— Тосқауыл болды. Ең бірінші жәрмеңкеде адамдардың реакцияларын қорықтым. Теледидардан көрген тезистарды айтама деп қобалжыдым. Бірақ ондай болмады. Ол маған не үшін керектігін түсінген кезде тыныштық таптым. Қайта оралсақ, біз періштелерді сатпаймыз, адамға оларды табуға көмек береміз. Періште — ол бостандықтың таңбасы, мейірімділіктің таңбасы — біз жәрмеңкелерде адамдарға осыны түсіндіруге тырысамыз. Мен: «Сіз ақшалай көмек беріп, періштені ала аласыз. Ол періште сіздің істеген мейірімділігіңізді еске түсіріп отырады» деп айтамын.
Сіз көмектескен мектептер немесе жалпы украиндардан кері байланыс аласызба?
— Иә, әрине. Бізге Черногов №6 мектебі бомбапанасына жарықтандыру жасағанымызға алғыс айтып, видео түсіріп жіберген. Бұл өте көңіл сүйсіндірерлік. Бұл затты неге істеп жүргеніңді сол кезде түсінесің.
Волонтёрлықты тастағыңыз келген уақыт болғанба?
— Ондай ынтам болмаған. Негізі, кей кезде шаршаймын, кей кезде үлгермей қалатын кездер бар. Біздің пәрмен түсінушілігі мол адамдармен толы. Сен волотёрсың, сенің күшіңе келетін және ынтаңда бар затты істейсің. Бұны бәрі түсінеді. Бір күнге тақалған затты істеуге үлгермесем, мен «Бүгін дем алып, басқа күні жақсырақ жасаймын» дей аламын. Иә, соғыс ұзартылды, бірақ мен көмектесуді жалғастыратынымды білемін. Маған жоба ұнайды, мен бұл жерде көп жақсы адамдарды, достарымды кезіктірдім.
Сізді жоба қалай өзгертті?
— Мен өз басыма толықтай жауапкершілікті алуға үйрендім. Бұл жағдайда мен жобаға дейінгі және жобадан кейінгі өзгерімдерді сеземін. Әрине, бұған дейін мен жұмысыма және өз басыма жауапкершілікті қарағанмын, бірақ жобаға кірер кезде «Үлгерем бе?» деген ойлар туындады. Бірақ-та бүкіл күмәнімді әрі тастап, адамдарға көмектесе алатынымға өзімді сендірдім. Қосымша ретінде адамдар қандай болатынын түсіндім. Бұған шейін көп адамдармен сөйлеспейтін едім, бірақ қазыр жақсы адамдарды кезіктірдім. «Еркіндік Періштелері» — жаныңа жақын адамдарды кезіктіріп, өз күйзелісіңді бөлісе алатын жер.
Евгений айтқан «толокаларға жаман ниеті бар адамдар келмейді, тек көмек көрсеткісі келетін мейірімді жандар жиналады» сөздері маған аса ұнайды.
Менің келесі «Еркіндік Періштелері сізге не мағына береді?» деген сұрағыма алдын ала жауап бердіңіз, сондықтан мен басқа затты сұрайын. Украина халқына, украин балаларына не айтқыңыз келеді?
— Бүкіл Украина халқына күш пен төзімділік тілеймін. Бұл ең бастысы. Іштегі оптимизмді сақтап (соғыс кезінде қандай мүмкіндікпен істеуге болатынын білмеймін), бекен болуға тілеймін. Украинадағы достарыммен сөйлескенде «Бұл не болғаны? Не болып жатыр?» десем, олар маған «Қобалжыма, бәрі жақсы болады, шыдау керек» деп айтады. Олар жақсыны көру үшін күш салады. Мен шынайы түрде әр украинмен біргемін және соғыс бітуін тілеймін.
Автор: Татьяна Правдина
Made on
Tilda