Украинаның мектептері мен балабақшаларына көмек

Ғимараттарды жөндеу және бомбапаналарды жабдықтау
БҰҰ-ның бала құқығы туралы конвенциясына сәйкес, әрбір бала тегін бастапқы білім алуға құқылы.

Украинадағы қарулы қақтығыс аймағындағы балалар оқуын қайырымдылық қорларының арқасында жалғастыра алады. Мектептер мен балабақшаларға көрсетілген көмек — болашақ жылдарға, онжылдықтарға қосылған үлес. Мұндай көмек адамдардың жүректерінде мәңгі қалады.

Білім — даму кілті. Ол «адамзаттың бейбітшілік, еркіндік пен әлеуметтік әділдік идеалдарына тырмысуға мүмкіндігі болу үшін міндетті шарт», — деп халықаралық комиссияның «Білім: жасырын қазына» атты тарихи баяндамасында айтылған.
Алғыс хаттар
Чернигов қ. №37 «Сказка» балабақшасынан
Қазақстандық «Еркіндік Періштелері» қайырымдылық қорының директоры Рибалко Е. мен қор еріктілері ұжымына.
Чернигов қ. №74 балабақшасынан
Қазақстандық «Еркіндік Періштелері» қайырымдылық қорына.

Біз көмектескен екі мектеп 2023 жылдың 3 сәуірінде оқу жылында алғаш рет есіктерін ашып, офлайн білім беруді бастады.

Қалпына келтіру аяқталды

Біз көмектескен мектептер мен балабақша
The Team teachable
Чернигов

№6 мектеп

Чернигов қаласындағы №6 мектеп 2022 жылдың наурызында мектеп ауласына түскен зымыран әсерінен зардап шекті. Ғимарат бұзылмаса да, жарылыс толқынынан мектептегі 88 терезе сынып, 36 жылыту батареясы зақымдалды, сонымен қатар, мектеп ғимаратында көптеген бөлшектік зақымдар қалды.

Көрсетілген көмек
Мектеп мемлекеттік қаражат есебінен қалпына келтірілді, ал бомбапана жабдықталуына қазақстандық еріктілер мен бельгиялық донорлар көмектесті. Жөндеу жұмыстарынан бөлек, еріктілер мектеп панасына:
• 260 бүктемелі орындық:
• 80 бүктемелі парта:
• 2 өрт сөндіргіш;
• 3 жылытқыш.
Сондай-ақ маршрутизаторлар, ұзартқыштар мен басқа да жабдықтар сатып алды.


Жөндеу мен жабдықтауға

жұмсалған сома:

$10 000

Чернигов

№13 мектеп

Черниговтағы №13 мектеп – аудандағы үш мектептің бірі. Черниговқа жасалған әуе шабуылдарынан кейін зақымдалды, бірақ бұзылмады. Қазір онда әуе бомбаларының тікелей түсуінен толықтай бұзылған, қалпына келтіруге келмейтін көршілес №18 және №21 мектеп оқушылары да білім алады.

Көрсетілген көмек
Мектептегі жер асты баспанасы мемлекеттік қаражат есебінен жөнделді.

Қазақстан еріктілері мектеп бомбапанасына:
• 60 бүктемелі орындық;
• 30 бүктемелі парта;
• шәйнектер, микротолқынды пештер, термостар;
• басқа да қажетті жабдықтар сатып алды.


Жабдықтауға

жұмсалған сома:

$2000

Чернигов

№37 «Сказка» балабақшасы

Қазір балабақшада 101 бала тәрбие алады, бірақ балабақшада 300 балаға орын жетеді.

Көрсетілген көмек
Жертөлені толыққанды жер асты қорғаныш панасы етіп қайта жабдықтау үшін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Едендер соққы мен аязға төзімді тақтамен жабылды, қабырғалар боялды, электр сымдары ауыстырылды, розеткалар мен таратқыш қораптар орналастырылды. Балалардың панада бірнеше сағат бойы жайлы орналасуы үшін толыққанды желдету жүйесі жабдықталды.

Сонымен қатар, пана:
• балаларға арналған орындықтармен — 85 дана;
• көпадамдық ағаш орындықтармен — 10 дана;
• балаларға арналған үстелдермен — 25 дана;
• жарықдиодты шамдармен — 12 дана;
• 10 литрлік термостармен — 12 дана
жабдықталды.


Жөндеу мен жабдықтауға

жұмсалған сома:

$11 600

Чернигов

№74 балабақша

Қазір балабақшада 245 бала тәрбие алады. Негізі балабақшада 305 балаға орын жетеді.

Көрсетілген көмек
Қорғаныс панасында еден соққы мен аязға төзімді тақтамен жабылды, сондай-ақ балалардың панда бірнеше сағат бойы жайлы орналасуы үшін толыққанды желдету жүйесі жасалды.

Сонымен қатар қорғаныс панасы:
• балалар орындықтарымен — 30 дана;
• ағаш лавкалармен — 10 дана;
• балалар үстелдерімен — 10 дана
жабдықталды.


Жөндеу мен жабдықтауға

жұмсалған сома:

$5 505

Қазақстандық «Еркіндік Періштелері» (Angels of Freedom) қайырымдылық жобасының мақсаты — ұрыс қимылдарынан зардап шеккен Украина мектептері мен балабақшаларына көмек көрсету.

Жоба туралы 9 минуттық шағын фильм қарай аласыздар.

Төменде біз қазіргі таңда көмектесіп жатқан немесе көмек беруді жоспарлап отырған балалар мекемелері көрсетілген.
Документалды шағын фильм

Бізді әртүрлі әдіспен: донат жасау, өз кеңсеңізде/мекемеңізде періштелер салынған бокс немесе шағын шаңырақ орнату, Періштеге ие болу немесе біздің еріктілер тобына қосылу арқылы қолдай аласыз.

Жақын арада көмек көрсету жоспарланған мектептер мен балабақшалар

Біз көмек көрсету аймағын кеңейтіп жатырмыз
Львов облысы

Лопатин мамандандырылған мектебі

Қазіргі таңда мектепте 76 бала білім алады. Бұл – зияткерлік дамуында бұзылулары бар балалар.

Қажетті көмек
Мектептің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін үш фазалы 10 кВт қуатты генератор қажет.


Қажетті сома:

$2700

Борислав

Борислав санаторийлі мектебі

Қазіргі таңла мектепте 170 оқушы білім алады. Оның ішінде майдан шебіндегі елді мекендерден көшкен балалар: жетім балалар; ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар; аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар бар.

Қажетті көмек
Мектептің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін үш фазалы 10 кВт қуатты 2 генератор қажет.


Қажетті сома:

$5400