«Сенің кішкентай бір көмегің үлкен бір іске айналуы мүмкін»

Әскери өткені бар еріктілермен сұхбат

4 сәуір 2023

Динара
Динара дипмиссияда жұмыс жасайды, мамандығы бойынша — ағылшын тілі мұғалімі, әскери институтты бітірген, 12,5 жыл әскери борышын орындап запастағы майор ретінде зейнеткерлікке шықты. Бос уақытында Динара толокалар мен жәрмеңкелерде көмектеседі — «Еркіндік Періштелері» туралы және олардың маңызды да күрделі миссиясы жайлы айтады. Онымен сөйлесіп, адамдардың қолдау сұранысына қалай қарайтынын және жобаның еріктісі болу қиын ба екенін білдік.
Мен үшін «Еркіндік Періштелері» — бостандықтың, жарық пен өмірге деген үміттің символы.
— Динара, неліктен сіз үшін ерікті болу және украиндық мектептерді қалпына келтіру маңызды?
— Мен студент кезімнен бастап, өмір бойы ерікті болып келемін. Ақтөбе облысындағы балалар үйлерімен жұмыс жасау жобасында белсенді қатыстым. Үш балалар үйін өз қамқорлығымызға алып, Жастар үйімен жұмыс жасадық. Әрқашан көмектесуге тырысатынмын. Украинамен жақын байланыста болмадым. Ал соғыстың басталуымен, әпкемнің Киевте тұратын тұрмыстағы жақын құрбысымен таныстым. Біз онымен байланыстамыз. Бұл менің Украинамен жалғыз байланысым, қарым қатынасым. Алай да, Украина біз үшін бәрібір өте жақын мемлекет болғандықтан — мен үшін әлбетте көмектесу заңды іс болды. Басқа жобаларға қосылу мүмкіндігі әрдайым бола бермеді, ал бұл жобада барлығы оңай — толокалар жиі болып тұрады, оларға бос уақытта, кезкелген ыңғайлы уақытта келуге болады. Неге әсіресе балаларға көмектесу маңызды? Себебі бұл біздің болашағымыз.
— Әдетте, адамдар Украинаға қолдау ретінде қаражат жібереді. Неліктен сіз үшін көмек тек ақша аударумен шектелмей, қатысудың басқа түрі де қолайлы болып табылады?
— Мен сөйлескенді ұнатамын. Және де толокалар мен жәрменкелердегі атмосфера өте қызық. Себебі ол жерлерде Қазақстаннан, Украинадан және Ресейден келген адамдарды кездестіруге болады. Және барлығының мақсаты бір — балаларға көмектесу. Мен адамдардың қаншалықты ерік жігерімен күшті екенін көрдім. Және олар басқа мәселелеріне қарамастан, «періштені» жасау үшін уақыт тауып, толокаларға келеді. Басты мотиватор — адамдар. Ақпараттық шабуылға қарамастан, адамдар жақсылық пен жарқын болашаққа сенгісі келеді. Ал, міне, осындай бір платформада, шын ниетпен сөз қозғап та,игі іс жасауға да болады. Сонымен қатар, сіз тек азынан жұмсайсыз — бар болғаны сіздің уақытыңыз. Қаржылық шығындар жасаудың қажеті жоқ. Және әрқашан адамдармен әңгімелесу өте қызық, себебі әрқайсысының өзіндік қайталанбас оқиғалары бар.
— Толокаларда адамдар жиі не туралы сөйлеседі, қандай оқиғалармен бөліседі?
— Өз өмірі жайлы, ата-бабалары — атасы, апалары, олар қалай өмір сүргендері жайлы, жай ғана туыстарымен, жақындарымен араласу үшін қандай қиындықтармен кездесетіндері жайлы айтады. Бұл кәдімгі қарапайым адамдар, өзіңді олардың орынына қойып, оларға қаншалықты қиын екенін түсінесің.
— Теледидардағы соғыс пен адамдар айтатын шын соғыстың бір-бірінен айырмашылығы бар ма?
— Әлбетте. Бірақ бізде де ақпарат өте аз, әсіресе соғыстың басында аз болды. Ал қазір, негізінде барлығы басқаша, өзгеше екенін түсінесің.
— Украиндықтармен тығыз қарым-қатынасыңыз, қазіргі болып жатқан жағдайға деген көзқарасыңызды өзгертті ме?
— Дым өзгертпеді — менде әрқашан көмектесетін ниет болған. Алай да енді мотивациям көбейді. «Періштелерді» жасаған кезде, бұл бір ұсақ–түйек, кішкентай нәрсе, тамшы секілді болып көрінеді. Бірақ сосын, олардың қайда құйылып жатқанын көргенде, қанша адам келгенін, қанша донат жасап жатқанын, бейнероликтер мен фоторепортаждарды көргенде, сенің кішкентай бір көмегің үлкен бір іске айналуы мүмкін екенін түсінесің.
— Бұл бейнероликтер мен фоторепортаждар сізде қандай ой туғызады?
— Бұндай сәттерде, бұл істі жалғастыру керек деп ішімнен ойлаймын… және біз Украинадағы адамдарды ойлауымыз керек. Сол себепті, жоба туралы мүмкіндігінше көп адам білгенін қалаймын. Менің ойымша, көптеген адамдар, кішкентай қадамдармен үлкен және жақсы іс жасауға болатынына мән бермейді, сенбейді. Бұл фотолар мен бейнероликтерден, мектептердің қаншалықты зардап шеккенін, балаларға әлі де қанша көмек керектігін көре аламыз. Маған әсер еткені — Евгений мен Иринамен соңғы әңгімеміз [ұйымдастырушылар — ескерту ред.]. Олар, қазір енді балабақшалардан да өтініш түскенін айтты. Балабақшалар бомбадан қорғайтын баспаналармен жабдықталған, және, мысалға алғанда, тыныш сағатында әуе шабуылы дабылы естілсе, тәрбиешілер балаларды шұғыл түрде оятып, оларды салқын баспанаға түсіріп, күртешелерінде салқын еденге ұйықтатады. Ал бұл баспаналарда — бетонды еден, тіпті қарапайым плитка да төселмеген. Бұны тіпті елестету қиын, ауыр. Сол себепті, енді балабақшаларға да көмектесетін боламыз.
Адамдар бұның барлығы балаларға және мектептерге екенін естігенде — жүздерінде мейірімді күлкі шығады. Барлығының реакциясы жақсы. Олар, балалардың қаншалықты қорғансыз екендігін түсінеді.
— Кейбіреулер, басқа мемлекетте тұратындығын себепке алып, бұл істен алшақ болуға тырысады. Олар үшін соғыс тек ақпараттық фонға айналады. Неліктен сізге бұл позицияны ұстану қиын?
— Мен ондай адамдарды талай кездестіргенмін. Бірақ мен олармен бетпе-бет кездескенде, адамдарға одан сайын көмектескім келеді, болып жатқан жағдайды айта бергім келеді, зардап шегіп жатқан балалар жайлы, біздің жоба жайлы. Басқа адамдардың қайғысыңа бей–жай қарай алмаймын, оларға ортақ болғым келеді. Қуанышқа орай, менің ортам сезімдерімді менімен бірге ортақ бөледі. Отбасым да, әріптестерімнің көбісі де Украинаны қолдап жатады. Біз тіпті өзіміздің іс-шараларды да ұйымдастырып көрдік, қаражат жинауды да ұйымдастырдық [фандрайзинг], былтыр тіпті аукцион өткіздік. Аукционда қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстарын сатып, жиналған қаражатты Украинаның елшілігіне жібердік. Енді мүмкіндігінше, басқа дипломатиялық өкілдерді «Еркіндік Періштелері» жобасына шақыратын боламыз.
— Неліктен қазақстандықтар үшін қазір белсенділік көрсетіп, соғыс ошағына тап болған адамдарды қолдау маңызды?
— Себебі олар біздің бауырлас халқымыз. Біз өзіміз де дәл осындай жағдайға тап болмаймыз деген кепіл жоқ. Және де, біз болмасақ, украиндықтарға тағы кім көмектеспек? Қазақстандықтар әрдайым мақтанышпен «біз — ең қонақжай, ең досшыл халықпыз» — деп кеуделерін соғады. Қазір болмағанда, осы қасиеттерімізді бауырларымызға , көршілерімізге көмектесіп қашан көрсетпекшіміз?
— «Еркіндік Періштелерінің» еріктісі болу — оңай ма әлде қиын ба?
— Басында өте оңай еді. Неше түрлі адамдар кездесетіндіктен қазір кішкене қиындады. Дәл сол жәрмеңкелердің өзінде, әртүрлі адамдар келіп, барлығы әртүрлі көзқараспен қарайды. Сол себепті, кез келген сұрақтар мен пікірлерге дайын болу абзал. Сонымен қатар, сіз еріктілерді бұрыннан танисыз, толықтай сенімділік сезіледі, және мен осы топтың бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын.
— Сіз адамдардың жобаға деген неше түрлі көзқарастары жайлы айтып өттіңіз. Мысалға алсақ, қандай?
— Адамдар былай айтқан кездер де болған: «Неге сіздер қазақстандық мектептерге көмектеспейсіздер? Бізде сонда барлығы жақсы ма?». Бұндай сұрақты күтпейсің. Адамдар ол жақта соғыс болып жатқанын түсінбейтін секілді, ал бізде тыныш уақыт. Ал жойылу көлемі мүлдем салыстыруға келмейді. Маған бұл әлі ақымақтық сияқты көрінеді. Мен үшін, бұндай көзқарастағы адамдарды көру таңқаларлықтай болды. Олардың көзқарасын, ғаламтор желісіндегі ақпаратқа қолжетімді емес деп ақтайтындай зейнеттегі адамдар емес еді. Тіпті, адамдар не орысша, не қазақша түсінбейміз дейтін де жағдайлар болған еді. Ондай кездерде олармен ағылшынша сөйлейтін едім — көздерін бақырайтып, кетіп қалушы еді. Алай да, қуанышқа орай, олардың артынан көптеген басқа адамдар келіп: «Біз білеміз» — деп донат жасаушы еді. Жағымды пікірлер әлде қайда көп. Отбасылар жиі келіп тұрады, жұбайы күйеуіне біздің орынымзға бәрін түсіндіріп, тіпті балаларына бір бір «періштеден» ұстатып қояды. Бір жайт есімде, ер кісі жүгіріп келіп: «Тез-тез донат жасап жіберсем бола ма — ұялы телефонымның қуаты сөнуде». Және соңғы секундта QR-кодты сканерлеп, ақша жіберіп үлгереді.
— Донат көлемі тұрақты ма?
— Біз 2500 теңгеден бастап донат жасауды ұсынамыз. Ал естелікке, сыйлық ретінде «періштені» сыйлаймыз. Алай да адамдар мүмкіндігінше жіберіп жатады.
— Ал ең үлкен донат көлемі қандай болды?
— Менің көзімше, бір әйел қолма-қол 40 000 теңге беріп кеткен еді. Орнына ештеңе алмаймын деді. Түсінгенімше, оның сөзі бойынша, ол бір емес, бірнеше рет көмектесетін адам екен. Адамдар бұның барлығы балаларға және мектептерге екенін естігенде — жүздерінде мейірімді күлкі шығады. Барлығының реакциясы жақсы. Олар, балалардың қаншалықты қорғансыз екендігін түсінеді.
— Қайырымдылық жасаған адамдардың ішінен, танымал кісілер кездесіп көрді ме?
— Иә, танымал блогерлер болды. Арсен Тусупбеков — подкаст жүргізеді. Ол жұбайымен жиі келіп, «періштелерді» сатып алады. Гүлден Шоқатова (Нугуманова) — стилист, қызының төсегіне «періштені» іліп қойғанын айтты.
— Жәрмеңкелерде күніне шамамен қанша адаммен сөйлесуге тура келеді?
— Әрқашан әрқалай. Сауда үйлерінде болса, ағын өте үлкен, бірақ адамдар ол жерге көздеп жәрмеңкеге келмейді — өз істерімен жүгіріп жүреді. Ал жәрмеңке орыны кішірек болса — мысалы, галереяда, ағын сәл азырақ, алай да адамдар бір мақсатпен келеді, біздің стендқа қызыға жақындап, сұрақтар қояды. Бірақ, шамамен алғанда, 30 шақты адам келеді. Бірақ біз әдетте, ол жерде 2–3 сағат жұппен тұрамыз.
«Періштелерді» жасаған кезде, бұл бір ұсақ–түйек, кішкентай нәрсе, тамшы секілді болып көрінеді. Бірақ сосын, олардың қайда құйылып жатқанын көргенде, қанша адам келгенін, қанша донат жасап жатқанын, бейнероликтер мен фоторепортаждарды көргенде, сенің кішкентай бір көмегің үлкен бір іске айналуы мүмкін екенін түсінесің.
— «Еркіндік Періштелері» жобасы ірірек болып, даму үшін, не қажет?
— Адамдардың хабардарлығын арттыру, себебі украиндықтарға көмектескісі келетіндер әлбетте жетерлік. Бірақ, бұны қалай жасау керектігін, барлығы біле бермейді.
— Динара, «“Еркіндік Періштелері” — бұл» деген сөйлемді қалай жалғастырушы едіңіз?
— Мен үшін «Еркіндік Періштелері» — бостандықтың, жарық пен өмірге деген үміттің символы.
Автор: Татьяна Правдина
Еркіндік Періштелері
Еріктілермен сұхбаттар