— «Еркіндік Періштелері» қоры туралы әкемнен білдім: ол маған orda.kz сайтындағы
мақаланы оқуды ұсынды. Сол жерден қордың дизайнер-волонтер іздеп жатқанын білдім. Маған бұл идея ұнады: жақсылық жасап, мамандығым бойынша тәжірибе жинауға мүмкіндік бар екен. Расын айтсам, мен неміс жоғары оқу орнына түсуге дайындалып жүрмін, және онда волонтерлік тәжірибе қосымша артықшылық ретінде есептеледі. Бұрын да волонтер болып жұмыс істедім: Lider.kz іздестіру-құтқару отрядына қатыстым, марафондар мен Comic Con фестивалін ұйымдастыруға көмектестім. Алайда еш жерде «Еркіндік Періштелеріндегідей» ұзақ болған жоқпын.
Наурыз айында өтінім беріп, сұхбаттан өттім. Алғашында дизайнер болып жұмыс істедім. Кейін SMM бағытындағы координаторлық орын босады, маған ұсыныс жасалды. Екі апталық сынақтан жақсы өтіп, мен жаңа қызметке ауыстым.