— Ал қазіргі кезде кейбір аралық нәтижелер туралы айтуға болады ма?
Евгений: Біз Черниговке тамызда келгенде, сол кезде 7000 доллар жинаған болатынбыз. Бірақ мектеп масштабында бұл аз ғана сома болды. Мектептің жағдайы мүшкіл болды: 88 терезе сынған, жылу жүйесі еріген, 36 батарея жарамсыз болып қалған, шатыры зақымдалған. Біз осы мектепке келгенде, балалар мектеп қашан ашылатынын білмесе де, парталары мен терезелерін жылтыратып, сыныптарын жинап, қыркүйек айына дайындалуда екенін көрдік. Жинаған ақшаға кез келген жұмыс түрін «жабу» мүмкін емес екенін түсіндік, бірақ бәрібір осы мектеп үшін ең болмағанда бір нәрсе жасағымыз келді. Білім басқармасына барып, «7 мың долларымыз бар» екенін айттық. Олар ойланып: «Мүмкін, бұл ақшаға бомбадан қорғайтын орынға құрал-жабдық сатып аларсыз ба? Жөндеуден кейін онда парталар, орындықтар, өрт сөндірутер, жылтқыштар, алғашқы дәрілік көмек және т.б. керек болады. Ал жаһандық жүмыстар үшiн — канализация, электр желiлерi, желдету — бiз қосымша қаржы iздеймiз» деп, ұсыныс жасады. Осылайша, 7000 АҚШ доллары көлеміндегі шағын қайырымдылықпен біз жергілікті білім бөлімін де, Чернигов волонтерлерін де осы мектепке назарын аударттық. Бұған дейін мектеп жұмысының күрделілігіне байланысты Чернигов волонтерлерінің басымдықтары қатарында болмаған. Оның проблемасы, осы мектептін жертөлесі бомбапана үшін жарамсыз болды: ғимарат ескі, төбелері аласа, ауданы өте кішкентай, үй-жайлар қауіпті , жертөле асхана үшін көкөністер сақтайтын қойма ретінде пайдаланған. Ал біз бомбапанаға құрал-жабдық сатып алғандықтан, жөндеуге ақша іздеуге ынталы болдық. Және олар табылды, қалған жұмысты қазірдің өзінде бельгиялық донаторлар қаржыландырып жатыр. Айтпақшы, біз еріктілерімізбен бірге олар үшін 250 періште жасап, Брюссельге жібердік. Ал енді бұл қазақ-бельгия жобасы шығар.