— «Еркіндік Періштелері» үшін күнде бір пайдалы іс жасау үшін күшті қайдан аласыз? Украинада тұратын адамдармен қарым-қатынасыңыз қалай?
— Украинада танысым болмаса, мұны жасамайтын едім деп ойламаймын. Танысың жасап жатқан іс болған соң жасағың келетіндей 15 жаста емеспін ғой. Көрші көршіге шабуыл жасап, зорлық-зомбылыққа қуанғаны дұрыс емес. Бүгін Украина болса, ертең Қазақстан, ар күні Грузия болуы мүмкін. Бұл орыс рулеткасы деген ойын сияқты: қарудың кімге бағытталатынын білмейсіз. Иә, Украинадағы таныстарым босатылған жерлердің видеосын жіберді. Бұл маған тағы мотивация берді. Өйткені адаммен аралассаң, оған жауапкершілігің болады деп санаймын. Жақын аралассаң, жауапкершілік жоғары, аз аралассаң, жауапкерлішік те аз болады. Бірақ бәрібір жауапкершілік бар… Егер Ресей жеңсе, 40 млн адам үлкен елдің құлы болып қалатынын түсінемін. Егер ресейлік әскер толық кірсе, украиналық бойсұнбаса, өз қалағанын жасап, өз-өзімен болса, не болатыны түсінікті. Чехов, Достаевскийге бейбітшілік берген ел қалай зорлыққа қуанып, мақтан тұтады. Сіз Большой театрға билет алып көрдіңіз бе? Олар шетелге барғанда билеті жарты жылда бітіп қалады. Осындай потенциалы, мәдениеті бар адамдар әлемге дамыған, талантты екенін көрсетіп, қалайша көршіге зорлық-зомбылық жасайтынын түсінбеймін. Маған бұл — жұмбақ. Мүмкін бұл ұлттың бір бөлігі немесе мен ештеңе білмеймін. Мүмкін бұл жер сұхбатқа қосылмай қалатын шығар (күледі).