— Соғыс басталысымен мен Украинаны қолдауға арналған гуманитарлық Штабтың ватсап-чатына қосылдым, және онда ақпарат қызметінің еріктісі керек екендігі жайлы сұраныс көрдім. Мен бірден жауап қаттым, өйткені бұл жағынан көмектесе алатынымды түсіндім. Үйлестірушілермен байланысқа шықтым, олар маған атқару керек міндетті түсіндірді, сонымен мен Инстаграмда
@help_ukraine_kz аккаунтың аштым. Ол қазір де жұмыс жасайды. Оның үстіне, ол «Еркіндік Періштелері», қайырымдылық маркет және басқа да жобалар тармақталған бүтін бір «шатырлы брендке» айналды. Мен Украинаны қолдауға арналған гуманитарлық Штабтың бастауында тұрдым деп айтуға болады.