«Еркіндік Періштелері» жобасының еріктісімен сұхбат

«Кішкентай игі істердің құнын түсірудің қажеті жоқ — солардан мұхит көлемді көмек құралады»

9 тамыз 2024
Әсел
Әсел Орал қаласының маңында тұрады. Әсел Америкалық компанияда қашықтық жұмыс істейді. Оған қарамастан ол волонтер болып «Еркіндік Періштелері» TikTok желісін жүргізеді. Әсел құрастырған бейне рөлдер Қазақстандардыктардың назарын аударуда. Осылайша біздің елімізде көптеген адамдар Украинаның мектептерімен, балабакшаларында баспаналарды жабдықтауға көмектесе бастады. Қазақстан азаматшасы неліктен ерікті бола бастағанын, оның өмірінде украин мәдениетінің орны қандай екенін және қалай шаршамай, оптимист болып қалатынын білдік.
— 1 —
«Буллингке қарсы күресуге көмектескім келді, өйткені мен де мектепте осындай жайтты бастан өткердім»
— Әсел, сіз бұрын ерікті болдыңыз ба? Қандай жобаларға қатысқаныңызды айтып беріңізші.
— Алматыда халықаралық қатынастар факультетінде оқыған кезде. Мамандығым бойынша мен өңіртанушы және әскери аудармашымын. Сол уакыт арасында марафондарда (мысалы, Алматы марафонында), одан кейін әртүрлі халықаралық/республикалық іс-шараларда ерікті қызметтерін атқардым. Ал 2020 жылы, коронавирус пандемиясы басталған кезде, Қазақстан ЮНИСЕФ жобаларына қосылдым. Бірінші #ПайдасыБарКарантин бағдарламасынан басталдым . BeKind бағыты буллинг пен кибербуллингке қарсы күреске арналды. Осы тақырыпта онлайн-сабақтар өткіздім. Plastic Free Kazakhstan жобасы аясында балаларға пластикті пайдалануды барынша азайту туралы сабақтар өткіздім. BeGreen жобасы табиғатқа ұқыпты қарауды, ілгерілетуге және оқушылар арасында «жасыл» дағдыларды дамытуға арналды. Ол жерде мен жобаның тәлімгері және еріктісі болдым.
— Балалармен жұмыс істедіңіз бе?
— Иә, сабақтар өткізіп, мұғалімдермен, директорлармен,шенеуніктермен. Сабақтарды өткізу туралы келісті, мектептерде сабақтарды табысты өткізуіміз үшін түрлі мәселелерді шешті. Жалпы, бұл кездейсоқ болып шықты: алдымен BeKind жобасын енгіздім. Буллингпен күресуге көмектескім келді, себебі мектептегі зорлық-зомбылықты да басымнан өткердім. Бұл менің балалық шағымда болған жағдай. Мен мектепте оқыған кезде осындай жобалардың болмағаны өкінішті.
— «Еркіндік Періштелері» — жоба соншалықты танымал емес, оның артында орасан зор ЮНИСЕФ ұйымы тұрған жоқ. Сіз ол туралы қалай білдіңіз?
— Барлығы шетелдік тілдерді үйренуге арналған қосымшада өзіме Украинадан достар тапқанда басталды. Ағылшын тілін бірге үйреніп, енді доспыз. 2 жылдан бері араласып келеміз. Мен үшін олар туған адамдар. Олар өз елінде соғыс жүріп жатқанына қарамастан, мені қолдауға күш табады. Олардың арқасында мен барлығын бағалаудың қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Достардың моральдық, эмоционалдық тұрғыдан қаншалықты қиын екенін көріп отырмын. Мен де оларға қолымнан келгенімен көмектесуге тырысамын. Жарты жылдан астам уақыт бойы белсенді түрде украин тілін оқып жүрмін. Олар маған күнділікті тәжірибеде көмектеседі, Украин мәдениеті, дәстүрлері және жалпы ел туралы айтып береді. Мен украин әндерін, подкасттарды тыңдаймын және Украинаға қатысты барлық нәрсені жақсы көремін. Тіпті қолдау көрсету үшін өз қолымен шоппер салған болатынмын. Менің мақсатым — жақын арада Украинаға барып, сол жақта волонтер болу.

Ресей әскерлерінің Украинаға жаппай басып кіруі басталғаннан кейін мен достарымның Отанын қалай да қолдағым келді. Мен Instagram-дағы Help Ukraine Market аккаунтын тауып, сол жерден үлкен Украина туын сатып алдым. Содан кейін мен осы аккаунттың сілтемесіне кіріп, «Еркіндік Періштелеріне» сілтемені көрдім. Мен жоба туралы оқыдым. Еріктілер керек болып шықты. Өтінішімді беріп, 2024 жылдың басында жұмысқа кірістім.
— 2 —
«Мен перфекционистпін және әр видеоны сағаттап жетілдіре аламын»
— Жоба үшін не істеп жатырсыз?
— Мен қазақ тіліне аударма жасаудан бастадым. Содан кейін апта сайынғы қоңыраулар кезінде мен TikTok-ты басқаратыныммен бөлістім және маған «Еркіндік Періштелері» аккаунтын жүргізуді ұсынды. Мен келісім бердім.
— Негізгі жұмысыңызбен біріктіре аласыз ба?
— Иа негізгі жұмысыммен бірге алып жүрмін. Бірақ көп уақыттымды алады. Біріншіден, менің осы жердегі ғаламторым жақсы жұмыс істемейді. Екіншіден, мен перфекционистпін. Мен бір бейнеде ұзақ отыра аламын және оны шексіз жақсарта аламын. Мен өзім бейнеге түсірмеймін. Бейнені алып,субтитрмен музыка қосып өңдеп-өңертемін.
— Жазылушылар қалай қарайды?
— Бізде 45 мың қаралым жинаған бейнебаян бар. Пікірлер өте көп, бірақ 99% оң. Бұл мені қатты қуантады. Қазақстандықтардың қолдауы шабыттандырады. Біздің украин халқымен ұқсастықтарымыз көп және халықтың реакциясы мұны растайды. Біздің елімізде көктемде бірнеше облыста су тасқыны болды, бірақ адамдар украин мектептерін қолдауға әлі де күш тапты.

Жағымсыз пікірлер мені таң қалдырады. Тіпті шошытады. Бұның бәрі маған анық. Ал үгіт-насихатқа бейім адамдар, фактілерді тексермейді, сыни ойлауды қолданбайды.
— Бұны өзгертуге бола ма, қалай ойлайсыз?
— Иә болады деп ойлаймын. Егер мектептер мен университеттерде сыни ойлау, фактчекинг сабақтарын енгізсе, керемет болар еді. Адамдарға шындықты жалғаннан ажыратуды үйрету керек.

Менің жолым болды. Университетте факттерді тексеріп, аналитикалық жұмыстар жазатынбыз. Ақпаратты талдап, қорытынды шығаруға үйреніп алдым.
— 3 —
«Қазақстанда ұзақ мерзімді волонтерлік мәдениеті қалыптаспаған. Мен мұны өзгерткім келеді»
— Өміріңізде қызметіңізге сын айтатын адамдар кездесе ме?
— Бақытыма қарай, жоқ. Менің мені отбасым қолдайды. Туыстарыммен таныстарым таң қалады. Олар түсінбейді. Олар: бұл саған не үшін қажет? Сен одан пайда көресіңбе?
— Не деп жауап бересіз?
— Менің айтатыным: жай ғана волонтер болғым келеді. Адамдарға көмектескенді жақсы көремін. Волонтерлік маған қандай да бір жағдайға әсер етуге, уайымымды азайтуға көмектеседі. Қордағы жұмысымның арқасында қарап отырмай, әрекетімнің Украинадағы балалардың қауіпсіздігіне аз да болса көмектесіп жатқанын сезінемін. Әрине, көп адамдар түсінбейді. Бірақ су тамшысымен тас тесіледі. Бірде менен волонтерлік туралы естіп, кейін әлеуметтік желілерден оқитын шығар. Қазақстанда ұзақмерзімді волонтерлік мәдениеті жоқ, ол туралы аз жазады және айтады. Әсіресе өңірлерде. Осыны өзгерткім келеді. Мысалы, Еуропа мен АҚШ-та оқушылар волонтерлікпен жиі айналысады және оны университетке түсу үшін мотивациялық эсселерде атап өтеді. Бұл артықшылық ретінде қаралады.

Дегенмен бізде адамдар қайырымды. Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескеніміздей. Қиын жағдайлар туындағанда, біз бірігеміз. Соғыс туралы біледі, бірақ бомбадан қорғайтын баспаналардың қажеттілігі туралы білмейді. Менің үлесім — қазақстандықтарға қалай көмектесуге болатынын айтып жеткізу.
— Шаршаған кездер болады ма? Күшті қайдан аласыз?
— Ия, мен өзімді жақсы көремін, көп жұмыс істеймін, содан кейін қатты шаршаймын. Содан кейін бейнеге арналған идеялар аз болады. Бұл лүпілдермен мен пікірлердің санына әсер етеді. Және, әрине, көңіл-күйгеде әсері тиеді.

Мен өзіме сол кезде айтамын: қазіргі уақытта мен бұны істей аламын. Мұның бәрі менің қалай көмектесе алатынымда. Мен кем дегенде бірдеңе істеп жатырмын, бос отырғанан.

Кез келген әрекет маңызды. 500 теңгеге лүпіл, репост, донат-мұның бәрі маңызды. Кішкентай игі істерді құнсыздандырудың қажеті жоқ-осындай игі істерден мұхит жиналады.
— «Еркіндік Періштелері» сіз үшін не білдіреді?
— Мейірімді әрі бей-жай қарамайтын адамдардың қауымдастығы. Қашықтан болса да, оған тиесілі екенімді айқын сезінемін. Әзірге командамен жеке танысу мүмкін болмады, сондықтан Оралда толока өткізгенде немесе жәрмеңкеге барғандағы кездесуді асыға күтемін.
Еркіндік Періштелері
Еріктілермен сұхбаттар